masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Күн тәртібінде баға тұрақтылығы мен жұмыссыздық мәселелері талқыланды

31 марта, 2022
in MASA24.KZ, Қоғам
0
Күн тәртібінде баға тұрақтылығы мен жұмыссыздық мәселелері талқыланды
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу


Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері кезекті отырысты өткізу үшін қалалық Әл-Фараби атындағы орталық ғылыми-әмбебап кітапханасына жиналды.
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О. Рахманбердиев жиналыстың күн тәртібінде азық-түлік қауіпсіздігі мен жұмыссыздық мәселесі тұрғанын айтты.
Отырысты кіріспе сөзбен бастаған Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Б. Әділханов былтыр кеңес тарапынан 35 ұсыным жолданып, 22-сі нақты шешімін тапқанын, ал қалғаны қоғамдық бақылауда екенін атап өтті.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қ. Базарбеков баяндама жасады. Ол баяндамасында мегаполис республикада баға қымбаттылығы бойынша 15- орында екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясынан төмен бағада бидай сатып алып, қалыптағы бөлке нан құнын арзан ұстап тұратындарын жеткізді.
Келесі баяндамашы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ш. Әсет былтыр 35 200 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқанын мәлім етті. Жұмыссыздық деңгейі қала бойынша 2021 жылы 5,2 пайыздан 5 пайызға төмендеген.
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О. Рахманбердиев азық-түлік пен жұмыссыздық қоғамдағы ең маңызды әрі өзекті мәселелер екенін атап, осы бағытта жүйелі жұмыстар үздіксіз жалғасу керектігін баян етті.

Previous Post

Доллар бағамы Kase порталы бойынша

Next Post

Шымкентте уй-жайларда бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде