masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Әлемде

Қазақстандықтар Ресейге құрлықтағы шекара арқылы бара алады

30 марта, 2022
in Әлемде
0
Қазақстандықтар Ресейге құрлықтағы шекара арқылы бара алады
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 656-р қаулысына сәйкес (сілтеме), Қазақстан азаматтары Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы қосымша негіздерсіз еркін кіре алады.

«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруі тек Ресей-Қазақстан және Ресей-Моңғолия шекараларының құрлықтағы өткізу пункттері арқылы ғана мүмкін. Ресейдің басқа мемлекеттермен шектесетін құрлық шекарасының өткізу пункттері арқылы кіру әлі де шектеулі және тек белгілі санаттағы азаматтарға рұқсат етіледі (сілтеме) Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кірген кезде «Путешествую без COVID-19» мобильдік қосымшасы арқылы коронавирусқа ПТР тестінің теріс нәтижесінің (дайын болған сәттен бастап шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан аспауы керек) болуын растау қажет.

Apple құрылғыларына арналған қосымшаның мобильдік нұсқасын сілтеме арқылы, Android құрылғыларына арналған нұсқасын сілтеме арқылы жүктеуге болады.

Назар аударыңыз! Ресейге кірген кезде коронавирусқа теріс ПТР тесті жас ерекшелігіне қарамастан барлық азаматтардан (оның ішінде 5 жасқа дейінгі балалардан) талап етіледі. Смартфоны жоқ кішкентай балалармен немесе қарт туыстарымен саяхаттаған жағдайда қосымша құрылғылар қажет емес. Сіздің, сондай-ақ, балалар мен қарт туыстарыңыздың ПТР сынақтарының нәтижелерін бір мобильді құрылғыдағы қосымшада біріктіруге болады»,-делінген хабарламада.

 

Previous Post

Алматыда Рамазан айында 100 мың дана су мен құрма таратылады

Next Post

Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергелуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде