masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Ө.Шөкеев: «Түркістанда жағажай туризмі дамиды»

30 марта, 2022
in MASA24.KZ, Туризм
0
Ө.Шөкеев: «Түркістанда жағажай туризмі дамиды»
0
SHARES
3
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАНДА ЖАҒАЖАЙ ТУРИЗМІ ДАМИДЫ»

Түркістандағы елімізде теңдесі жоқ ескек есу каналына су келеді. Өткен жылы құрылысы басталған жасанды көлге су «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасынан жиналады. Сыйымдылығы — 2 млн м3. Олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектар жерге жайғасқан. Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңіне сәйкес облыс орталығының жан-жағы жасыл белдеумен көмкеріліп, бау-бақша аумағы артады. Шаһардағы құрылыс және абаттандыру жұмысын кезекті рет бақылап, қадағалаудан өткізген Өмірзақ Шөкеев осы бағыттағы іс қарқынын тоқтатпауды тапсырды.

«Түркістанда туристер қызығатын демалыс ошақтарын салу жалғасады. Шаһарымызда туризмді ғана емес, спортты да дамытуға мүмкіндік мол. Халықаралық стандарттарға сай салынып жатқан бұл кешен үш бірдей қызметі біріктіреді. Ең алдымен спортты дамытуға бағытталған және жағажай туризмін өркендетуге мүмкіндік береді. Әрі қаланың әкімшілік — іскерлік орталығындағы жасыл желекті суаруға пайдаланылады. Бұл нысандарының бәрі заман талабына сай, сапалы әрі ыңғайлы етіп салынуы тиіс», — дей келе Түркістанның спорт орталығына айналдыруға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Осы салаларға жауапты өкілдерге тиісті тапсырмалар беріп, әр істі жанашырлықпен атқаруды тапсырды. Алдағы мамыр айында Түркістанда салынып жатқан елімізде баламасы жоқ заманауи демалыс аумағындағы жасанды көлге «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасынан су жинала бастайды.
«Түркістан» туристік-рекреациялық орталығында су спорты түрлерімен айналысуға арналған арнайы орындар пайда болады. Жалпы ауданы 85 га. жерде орналасатын ерекше кешеннің құрылысы үш кезеңде жүзеге асады. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы – 2,5 млн.м3. Жағажайға төселетін топырақ таңдалды.

Атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа демалыс аймағы өңірге туристер мен инвестиция тартатын тағы бір орталыққа айналатынын атап өтті.
Жасанды көлдің жағалауында емдік қасиеті көп шағыл құммен қыздырынуға жағдай жасалады. Жағажайға арналған ағаштар отырғызылып, балалар демалыс аумағы салынады. Элиталық коттедждер мен қонақүйлер бой көтеріп, аквапарк, саябақтар мен гүлзарлар салынады. Айнала абаттандырылып, көгалдандырылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Доллор бағамы 30 наурызда 11.44 теңгеге төмендеді

Next Post

Қала экономикасына тартылған инвестиция 61 пайызға артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде