masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысының полицейлерімен бір айда екі снаряд пен 30 қару алынды

29 марта, 2022
in Қылмыс
0
Түркістан облысының полицейлерімен бір айда екі снаряд пен 30 қару алынды
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының полицейлерімен бір айда екі снаряд пен 30 қару алынды.  Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков айтты. Брифингтің тақырыбы: “Қару айналымына бақылауды күшейту бойынша жүргізілетін жұмыс туралы”. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде заңсыз айналымдағы қару-жарақ құралдарын алу, оларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылау жасау мақсатында криминалдық, әкімшілік полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің күштерімен шаруа және фермер қожалықтарын тексере отырып, “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы ерекше өкімге дейін өткізілуде.

– Іс-шара басталғалы жалпы екі снаряд, 30 қару, 50 ойық ұңғылы қарудың патроны алынды. Оның ішінде қолдан жасалынған шолақ ойық ұңғылы бір қару, ойық ұңғылы бір қару, травматикалық үш қару, шолақ мылтық 5 қару және тегіс ұңғылы 20 қару тәркіленіп алынды. Әкімшілік полиция қызметкерлерімен қару иелері тексеріліп, тұрғындардың оның сақтау тәртібін дұрыс жасап жүргендігі тексеріліп отырады. Қандай да бір кемшілік анықталса, тиісті жауапкершілікке тартылады. Осы орайда облыс тұрғындарына ескертемін, қаруыңыз болса, ол міндетті түрде заңға сәйкес сақталуы қажет. Және қолдарыңызда еш жерде тіркелмеген қару түрі болса, бізге өткізіп, сыйақыға ие болсаңыз болады, – деп атап өтті Тастанбеков.

Бүгінде әрбір азамат ішкі істер министрлігіне қатысты қандай да бір көкейтесті мәселесі, ұсыныс-пікірі, сауалы болса, тікелей қоюына, жолдауына ықпал ету мақсатында барынша жағдай жасалуда.

Previous Post

Түркістандық тұрғын алаяққа сеніп, 750 мың теңгесінен айырылды

Next Post

Түркістан облысы полицейлері тұрғынның үйінен 3 келі гашиш тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде