masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Депутаттар мен басқарма басшылары Келес ауданы тұрғындарының өтініштерін тыңдауда

29 марта, 2022
in Билік, Экономика, Қоғам
0
Депутаттар мен басқарма басшылары Келес ауданы  тұрғындарының өтініштерін тыңдауда
0
SHARES
29
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Amanat » партиясын қайта жаңғырту бағдарламасы аясында шалғайдағы елді мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау жобасы Келес ауданында өтуде.

Кезекті кездесу Бірлік және Ақтөбе ауылдық округінде өтті. Ашық аспан астында өткен қос кездесуге ауыл тұрғындары белсенді атсалысып, көкейде жүрген сауалдарын облыстық салалық басқармалардың өкілдері мен депутаттарға жолдады. Бірлік тұрғындары жайылым жер мәселесі, сонымен қатар Үшағаш елді мекені аумағынан мектеп салуды сұрады. Ал Ақтөбеліктер Ақжар және Ынтымақ елді мекендеріне ұялы байланыс интернет желісін жақсарту, Бозсу ауылының ішкі көшелері мен Ескіқорған елді мекеніндегі Жұмысшылар көшесін асфальттауға өтініш айтты. Сонымен қатар кездесуде атаулы әлеуметтік көмек мәселелері мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі сұрақтарда қойылды.

Өз кезегінде тұрғындар сауалына жауап берген облыстық басқармалар мен аудандық салалық дербес бөлім басшылары жайылым жер мәселесінде аудан аумағында 90 мың гектарға жуық аумақ ортақ жайылымға берілуі бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда екенін айтты. Ал Үшағаш елді мекеніндегі мектеп мәселесінде қажетті жер телімі қарастырылып, СЖТ жасау жұмыстары жүргізілуде екен.

Сонымен қатар Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ елді мекеніне биыл «Билайн» операторы тарыпына базалық станция орнатылып, Ақжар елді мекеніндегі мектеп ғимаратына сапалы интернет желісін қосу бойынша жұмыстар атқарылатынын мәлімделді. Ал Бозсу және Ескіқорған елді мекендерінің ішкі көшелерін асфальттау бойынша жұмыстар биылғы жоспарға енген.

Келес ауданындағы кездесулер жалғасын табатын болады. Бұл бағыттағы қабылдаулар Алпамыс батыр және Біртілек ауылдық округінде жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

4 пайыздық автонесие: Сәуір айының соңында шешім шығады

Next Post

Шымкенттік дәрігерлер тумысынан ауыр дертке шалдыққан балаға күрделі ота жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде