masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры — 40 жаста

28 марта, 2022
in MASA24.KZ, Мәдениет
0
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры — 40 жаста
0
SHARES
22
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін қаламызда «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» атты оқушылар арасында сурет байқауының ашылуы өтті. Шара «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры» МКҚК-ның 40 жылдық мерейтойы мен 27-наурыз халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған.
Байқауды өткізудің басты мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру, дарынды жастарды анықтау және балалардың шығармашылық шеберліктерін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау.
«Арбат» алаңында салтанатты түрде ашылған байқау бір жыл бойы жалғасады. Нәтижесі 2023 жылдың 27 наурыз күні жарияланатын болады. Сайысқа 13 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен бүлдіршіндер қатыса алады.
– Биыл Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына 40 жыл толды. Осы уақыт аралығында театр балаларға арнап 150‐ге жуық қойылым қойып, 500‐ден аса қуыршақтар әзірледі. Баланы тәрбиелеудің ең тиімді жолы оны мәдениет ошағына жақындату. 40 жылдық тарихы бар театр балалармен тығыз байланыс орнату үшін «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» сурет сайысын ұйымдастырып отырмыз, ‐ деді театр директоры Самат Алтаев.
Шара барысында театр қорындағы 40 қуыршақ шеруге қатысып, концерттік бағдарлама өтті.
Айта кетейік, байқауға қатысу үшін «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» тақырыбына сай салынған суреттердің фотоларын shymkentkuyrshak@mail.ru электронды мекен‐жайына жолдау қажет.

Previous Post

Шымкенттік гандболшы азия чемпионатында үздік ойыншы атанды

Next Post

Түркістан облысында 110 мың гектар алқапқа 170 млн. ағаш егіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде