Шымкентте мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған үйлердің сапасы сын көтермейді. Сапасыз құрылыстың зардабын қарапайым халық тартуда. Тұран-2 шағынауданындағы жаңа қоныс иелері қыстың көзі қырауда дірдек қағып, жаурап отыр. Қараша халықтың айтуынша, бір ғана қабаттан өрілген газ блоктарының арасы термоқаптамамен қапталмаған. Қалдырықтай қабырғалардың салдарынан үйдің іші азынап тұр.
Гүлнұр Көлбайдың жаңа қонысқа көшіп келгеніне айналасы екі айдың жүзі болды. Жаңа баспанаға мемлекеттік бағдарлама арқылы қол жеткізіп, қуанғаны кеше ғана еді. Енді міне, көңілі су сепкендей басылып отыр. Жылу құбырлары қол ұстатпайтындай ыстық болғанмен, үйдің іші азынап тұр.
Гүлнұр Көлбай – Тұран-2 шағынауданы, №42 үйдің тұрғыны: Осы қондырғыны өшірмейміз, балаларды осы бір бөлмеге қамап, аяқтарысмызды битіп, жылытып отырамыз… Көрген күніміз осы болып тұр енді…Ал, мына батериялар қол ұстатпайтын ысқтық. Бірақ үй жылымайды. Өйткені, қабырғалар тастай семіп тұр…
«Еденнің сызы табаннан өтіп, зәр түбіңе жетеді, дейді ашынған ел. Тастай суық бөлмелерді жылыту үшін тұрғындар электр жылытқыш қондырғыларды күні-түні қосып қоюға мәжбүр. Ашынған ел, гипсоркартонмен қапталған қабырғаны пышақпен сындырып, ашып көрсетті. Екі орта бос, газ юблоктың іші сырты ешқандай терможылыту материалымен қапталмаған. 43 үйдің тұрғыны Айсұлу Омарованың айтуынша, мердігерлерге талай мәрте айтып жүріп, далаға қараған дуал жақты бұздырып, қазір ішкі жақтағы қабырғаны сылатып жатыр. Өйткені, Айсұлудың кішкентайлары ауырудан көз ашпай келеді.
Сапасыз салынған баспанаға екі ай бойы етек-етек ақша төлеп келген жұрт шенеуніктерге шағымын талай мәрте айтқанмен, одан шыққан нәтиже шамалы.Тіпті бұл үйлердің тұрғындары жедел жәрдем де шақыра алмай отыр . Себебі ішкі аулаларға салынған жол тым тар. екі көлік қапталдаса қозғалу мүмкін емес…
Ал, қалалық құрылыс басқармасының мамандары болса, алқымнан алудың қажеті шамалы. Қираған, бүлінген дәнеңе жоқ деп отыр. Бұл үйлер жобалбық сметалық құжатта қалай көрсетілсе, солай салынған дейді құрылысқа жауаптылар.
Абзал Метеров– Шымкент қалалық құрылыс басқармасының бас маманы: Қазір орын алған кемшіліктер мердігерлер тарапынан жойылып жатыр. Тұрғындардың өтініш бойынша үйлердің ішкуі қабырғалары сылануда. Ал, азаматтардың аппақ есік қойып берсін дегені қисынсыз. Өйткені, біз ЖСҚ-да не көрсетілсе, соны қойып беруге міндеттіміз.
Шу шыққан 4 үйдің құрылысын жүргізген мердігерлерге де сұрау салдық. Олар әр үйді салуға 700 млн. теңге жұмсаған. Бір қызығы 2020 жылы біткен үй былтыр желтоқсанда ғана қолданысқа беріліпті.
Айбек Оңалбаев – «Ақ ордасы» ЖШС өкілі: Біз ешқайда қашып бара жатқан жоқпыз. Жағдайды көріп отырмыз. Ауа райына қарамастан, қазір бөлмелердің ішкі қабырғаларын сылап беріп жатырмыз. Өз есебімізден. Бес жылдық кепілдік береміз…
Мердігерлер орын алған кемшіліктерді жоямыз деп, сендірді. Өйткені, бұл үйлерге 5 жыл кепілдік бар, дейді. Жалпы, Тұран шағынауданында 88 үй салынған болса, соның 27 –сі қолданысқа берілген.
Г. Қалмырзақызы