masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болды

1 февраля, 2022
in Cаясат, MASA24.KZ
0
Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болды
0
SHARES
25
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа сайланған Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов, деп жазды өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ерлан Жақанұлы Қошанов1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді. 1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, төрағасы. 1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. 1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі. 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі. 2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі. 2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы. 2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.

2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы. 2017-2019 жж. – Қарағанды облысының әкімі. 2019 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарып келді. «Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген.

masa-ақпарат

 

Previous Post

Президент «Хабар 24» телеарнасына сұхбат берді

Next Post

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 300 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН, ҮЙІРМЕМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде