Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, м.ғ.д., профессор,
Түркістан облыстық маслихатының депутаты, Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan»
партиясы фракция жетекшісінің орынбасары, «Nur Otan» партиясы ТОФ жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы «Эдельвейс» баспа үйі жарыққа шығарған «Қазақстанның үздік әйелдері» атты кітабына енді және арнайы «Лучшие женщины Казахстана» медалімен марапатталды.
⠀
«Қазақстанның үздік әйелдері» атты кітап қоғамның әр саласында өз істерімен алдыңғы қатардан көрініп жүрген әйелдер жайында, еңбектерін насихаттап, халқына паш етіп жүрген журнал. Аталмыш журналдың алғашқы бетінен орын алып, жариялануының өзі — Рабиға Әбдімұсақызының қазақ әйеліне тән табиғи сұлу болмысы мен рухани іскерлігінің дәлелі деп білеміз…!.
⠀
Бұл кітапты жарыққа шығарудың басты мақсаты — елдегі беделді нәзік жандыларды жұртшылыққа кеңінен таныстыру. Қазіргі кезеңде әйелдер елімізде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси өзгерістерге, қоғамның бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып отыр. Олар тек отбасы төңірегінде ғана емес, саясат, экономика, әлеуметтік өмірдің барлық саласында бар күш-жігерімен ер азаматтармен бірдей өз мемлекетінің дамуы, оның жарқын болашағы үшін жемісті еңбек етуде.
Құрметті, Рабиға Әбдімұсақызы! Еңбегініз жана берсін! Қазақ елінің рухы биік қазақ батыр айелдерінің болмысын жаңа рухта насихаттап жүрген азаматша екендігініз барша қазақ еліне мәлім десек артык емес…
Біз Сізбен әрдайым мақтанамыз! Еліміздің ғылым мен білім саласын дамытуда еткен еңбегіңіз ерен. Асар асуларыңыз биік болсын, қазақтың парасат биігінен көрінген санасы — өр, — қайсар рухты қыздарының бірегейісіз! Бағындырар белестеріңіз таусылмасын, қадірлі жан!
masa-ақпарат