masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ҚАЛА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

25 октября, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
ҚАЛА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
ҚАЛА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
ҚАЛА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
ҚАЛА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
ҚАЛА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
0
SHARES
24
VIEWS
БөлісуТуиттеу
ҚАЛА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ МЕН ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
Қала күні мерекесіне орай Түркістанда мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылды. Шаһарда екі күнге жоспарланған «ПарақTimes» кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Бұл игі бастама Түркістан қаласы әкімдігі мен «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Жәрмеңкеде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының баспа үйлері, кітап дүкендері, кітапханалары оқырмандарға кітаптарын ұсынды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақын-жазушылар, жас қаламгерлер түркістандық оқырманмен жүздесті. Атап айтсақ, Ерлан Жүніс, Серікбол Хасан, Есболат Айдабосын, Айдар Сейдәзым, Абай Қалшабек, Мұқағали Кенжетайұлы және өзге де ақын-жазушылар шығармаларынан шашу шашты. Басты ұйымдастырушының бірі Бейсенкүл Нарымбетова оқу мәдениетін жоғалтуға болмайтынын айтып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Осы жәрмеңкеде Сейдалы Дүйсебайұлының «Таңғажайып Түркістан» және Мадина Айтпенбетованың «Сайрамнан Түркістанға дейін» атты жолжазба-кітаптары таныстырылды.
Көрмеде «Қазақ энциклопедиясы», «Қызмет», «Отбасы хрестоматиясы», «Шашу», «KHAN COMICS», «Қазбілім», «Шың» «Shygylakitap» баспа үйлері мен Түркістан облысындағы кітапханалардың кітаптары жұртшылыққа ұсынылды.
Сонымен бірге Қала күні мерекесіне орай Түркістандағы этноауылда қолөнер шеберлерінің көрмесі өтсе, «Жеңіс» саябағында мерекелік концерт, спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Previous Post

ТҮРКІСТАН: 22 ЖАСТАҒЫ ЖАС АНА ДҮНИЕГЕ ҮШЕМ ӘКЕЛДІ

Next Post

М.ӘЙТЕНОВ: БЕС ЖЫЛДА 101 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде