masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Ізгілік мекені» атты телебағдарлама көрерменге жол тартты

12 августа, 2021
in Мәдениет
0
«Ізгілік мекені» атты телебағдарлама көрерменге жол тартты
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» атты телебағдарлама жарық көрді. Бағдарламаның басты мақсаты – оқырмандарды кітапханаға тарту, елге елеулі қоғам қайраткерлері, дара тұлғалармен қатар өмірге құштар өнерлі, дарынды мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу кештерін ұйымдастыру, сұхбаттар өткізу және кітапхана имиджін көтеру.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында еліміздің рухани дамуына елеулі үлес қосып, еңбек сіңірген мәдениет, әдебиет, өнер саласының өзіндік орны бар тұлғалармен кездесу арқылы зағип жандар өмірге құштарлығы артып, алға ұмтылары сөзсіз. Бағдарламаны тізгіндеп, ұйымдастыруға жауапты – «Ерекше жандар», «Шалқар шабыт» айдарларының жүргізушісі, арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиев.

«Ізгілік мекені» телевизиялық жобасы кітапхана ғимаратында екі аптада бір рет жарыққа шығып отырады. Бағдарлама еркін форматта сұхбат ретінде өткізіледі. Бағдарлама уақыты – 20 минут.

Бүгін кешкі сағат 20.30-да «ОҢТҮСТІК» телеарнасының «ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» телебағдарламасында кезекті шығарылым көрермен назарына ұсынылмақ. Кеш қонағы – белгілі жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы. Әдемі кешті назардан тыс қалдырмай тамашалауға шақырамыз.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қуыршақ театрының 39-шы маусымы ашылды

Next Post

Түркістан облысының 19 елді мекеніне газ жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде