masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шардаралықтар Маңғыстауға 1000 бума шөп жіберді

13 июля, 2021
in Uncategorized
0
Шардаралықтар Маңғыстауға 1000 бума шөп жіберді
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан төрт түлікке талғажау болатын шөп шықпай, шаруалар шығынға ұшырап жатыр. Осыған байланысты маңғыстаулық ағайынға жан-жақтан көмек көрсетіліп жатқаны белгілі.

Мәселен Түркістан облысы, Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің азаматтары батыстағы ағайынға 1000 пресс шөп жіберген. Сауапты істі Сымат Әбдіраманов бастаған  Қ.Тұрысбеков ауылының азаматтары, ауылдағы мешіт жамағаты және «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қоры атсалысқан.

—        Елдің басына қиыншылық түскенде бір-бірімізге жәрдем беруіміз керек. Маңғыстау халқына 1000 пресс шөп жөнелтіп жатырмыз. Әлі жиналмаған пресс көп, оларды тағы да жібереміз. Батыс халқына айтарымыз — еш уайымдамаңыздар, біз елміз, сіздерді ешқандай қиыншылыққа қалдырып қоймаймыз. Қолымыздан келгенше жәрдем береміз – дейді шардаралық жомарт жандар.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының тұрғындары биыл қуаңшылықтан қиындық көріп жатқан батыс өңірінің жұртшылығына 74 тонна шөп жөнелткен болатын.
Previous Post

Түркістан: Көп қабатты тұрғын үйлерде өрт-тактикалық оқу сабағы өтті

Next Post

«Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар-Отанға!» Жол картасы аясында кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде