masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының барлық аудан бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері қызмет көрсетуде

13 июля, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте жұмыспен қамту орталығының барлық аудан бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері қызмет көрсетуде
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының 4 ауданда орналасқан бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері қызмет көрсетуде. Аталған бөлім мамандары жұмыссыз жүрген тұрғындарға жол сілтеп, білім алуға көмек береді.  Сондай-ақ оқуын тәмамдаған азаматтарға еңбек нарығының сұранысына сай  бос жұмыс орнына орналасуға мүмкіндік береді.

Солардың бірі 25 жастағы қала тұрғыны Меруерт Билкасимова. Ол  қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын жүргізетін «GOLD» консалтинг  мекемесінде «бақылаушы-кассир» мамандығын игеруде. Қазіргі уақытта бұл мекеме  75 азаматқа тегін білім беруде.

—              Мен ұзақ уақыт бойы  жұмыссыз, үйде бала тәрбиелеумен  отырған болатынмын. Енді, биыл кәсіптік оқу курстарының бар екендігін біліп, қатысып көруді жөн көрдім. Қолыма куәлікті алған соң, өз кәсібімді ашсам деген ниетім бар,-деді Меруерт Билкасимова.

Айта кетейік, Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты шеңберінде биыл 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына  2500  азамат жолданды. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның шешімімен олар 29 білім беру ұйымдарында оқу-курстарынан өтуде. Еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге  оқытылатындығы бекітілген.  Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады және қорытындысы бойынша арнайы сертификат беріледі.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Абай ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Next Post

Түркістан: Көп қабатты тұрғын үйлерде өрт-тактикалық оқу сабағы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде