masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Абай ауданының әкімі «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті

13 июля, 2021
in Қоғам
0
Абай ауданының әкімі «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті
0
SHARES
22
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов қалалық тиісті басқарма өкілдерімен бірлесе «Ынтымақ-2» шағынауданында жергілікті тұрғындармен кездесіп, инфрақұрылым мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Жиында қалалық энергетика және  инфрақұрылымды  дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары шағынаудандағы құрылыс жұмыстарының барысын баяндап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда шағынауданда ауыз су бойынша ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары атқарылуда. Оған жауапты мердігер – «Компания Ахмет» ЖШС.

Электр жарығы бойынша бюджеттен қаржы қаралап, мердігер мекеме «А.Мерей и К» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, «Ынтымақ-2» шағынауданының батыс бөлігінде де «А.Мерей и К» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары қолға алынған.

Табиғи газ мәселесі бойынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, «Энерго Ресурс Шымкентгаз» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Кездесу соңында аудан әкімі жұмыстардың барлығы қала әкімінің бақылауында екенін жеткізіп, мердігер мекемелерге сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттік кәсіпкерлер қайырымдылық шарасына демеушілік жасауда

Next Post

Биыл Шымкентте 600-ге жуық азамат «Бақытты отбасы» аясында баспаналы болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде