Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Чемпионатты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандық шахмат федерациясы ұйымдастыруда. «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс алдағы шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Іс шараның мақсаты — халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа есімдерді анықтау.
Айта кетейік, «Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» брендін қалыптастыру бастамасын қолдап, ерекше қуанышпен қабылдағандардың бірі- Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік болды
21 жастағы Жансая әйелдер мен ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атағын алған Орталық Азияның алғашқы өкілі.
Қазіргі таңда әлемнің үздік шахматшылары көшін бастап тұрған жерлесіміздің жеңісті жолы мен қолдауы – жас шахматшыларға шабыт сыйлары сөзсіз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі