masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі балаларды суда емдеу тәсілі қолданылуда

8 июля, 2021
in Денсаулық
0
Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі балаларды суда емдеу тәсілі қолданылуда
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласындағы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында гидрокинезотерапия яғни, суда емдеу тәсілі қолданылуда. Білікті дәрігерлердің нұсқауы және бақылауымен тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар балалар бұл емдік терапия түрін аптасына 3 рет 15-20 минут көлемінде қабылдауда.

Гидрокинезотерапия  -бұл бұлшық еттің босаңсуына, рефлекстік қоздырғыш және бұлшық еттің спазмын төмендетуге, сал ауруларында қозғалыс көлемін ұлғайтуға жағдай жасайды. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығының жалпы тонусы жоғарылайды.

— Балаларды жас ерекшеліктері мен жалпы жадайларын ескере отырып, арнайы топтарға орналастырамыз. Санитарлық-гигеналық талаптарға сәйкес,  шаштараз, монша, кір жуатын арнайы бөлмелер қарастырылған. Стационар жағдайында балалар 5 мезгіл ыстық рационалдық тамақпен қамтамасыз етіледі. Көрсетілген көмектің нәтижесінде балалардың қарапайым тұрмыстық дағдылары қалыптасып, өзіне-өзі күтім көрсете алатын дәрежеге жеткендері бар. Мәселен, 40 –тан астам бала соңғы 3 жылда ата-ана қамқорлығына оның ішінде, біраз балаларымыз оң өзгеріске ие болып, отбасыларына оралды,-дейді орталықтың директоры Камилла Ауанасова.

Жалпы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №6 орталықта жеке күтім және бақылауды қажет ететін 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда 135 бала тәулік бойы тұрақты стационар жағдайында және 95 балаға жартылай стационарда емдік оңалту шараларын қабылдауда. Орталықта медициналық қызмет көрсетуден бөлек, емдік массаж, физиотерапиялық ем, психологиялық көмек беріледі.

Орталықтың  мекенжайы Шымкент қаласы, Абай ауданы, Алпысбаев көшесі, 125 Б үйде орналасқан.

Байланыс тетігі: 44-47-63.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шигео Катсу тауда қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Next Post

Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде