masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түлкібастық түлектер ауылға стела орнатты

7 июля, 2021
in Uncategorized
0
Түлкібастық түлектер ауылға стела орнатты
0
SHARES
26
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ауылға тарту. Түркістан өңіріндегі түлектер ерекше үрдісті дәстүрге айналдырды. Мектепті әр жылдары бітірген азаматтар туған ауылын көркейтуге ден қойған. Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылдық округіне қарасты С.Сейфулин мектебінің 20 жыл бұрын бітірген түлектері «Jaskeşu auyly» деп жазылған стеланың орнатуына мұрындық болды.

Кезінде ауылдағы мектепті бітірген түлектер қазір әр салада еңбек етіп жүр. Туған ауылдарын, білім алған мектептерін ұмытпай, қолдау көрсетуде. Олар туып-өскен ауылдарына биіктігі 6 метр, ені 7 метр ауыл атауы жазылған стела тарту етті. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында, елді мекен кіре-берісінде орналасқан жаңа нысанның жалпы аумағы 84 шаршы метрді құрайды. Толығымен қоршалып, абаттандырылған.

Құрылыс жұмыстарына 3,5 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Нысанның салтанатты ашылуына қатысқан жергілікті билік өкілдері мен ауыл ақсақалдары және зиялы қауым өкілдері кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай игі іске мұрындық болған түлектерге алғыс білдірді. Береке мен бірлігі жарасып, татулық пен жомарттық көрсеткен мектеп түлектеріне ауылдастары дән риза. Алдағы уақытта түлектер өздері орнатқан стела маңындағы 1 гектар жерге саябақ салып беруді жоспарлауда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан облысы - «Жасыл» аймақтан шықпаған жалғыз өңір

Next Post

Сайрам ауданының еріктілері елордадан оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде