masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістан: Сауран қалашығында ұлттық аспап – домбыра ұлықталды

1 июля, 2021
in Мәдениет
0
Түркістан: Сауран қалашығында ұлттық аспап – домбыра ұлықталды
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

1 шілде — Ұлттық домбыра күні, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы мен Түркістан облысының құрылғанына үш жыл толуына орай «Домбыра үнімен бой көтерген жаңа Сауран» атты күйшілер флешмобы өтті. Шараның басты мақсаты – қазақтың күйі арқылы тарихы терең, сырын талай ғасыр ішіне бүккен Сауран қалашығының жаңа таңы атқанын, енді ғана құрылған Сауран ауданының жаңа дәуірі басталғанын насихаттау.

ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған, әйгілі ортағасырлық қалалардың бірі – Сауран қалашығында өткен шарада отыздан астам күйші рауандап атқан таңмен таласа ұлттық аспап – домбырамен қазақ халық күйлерін бір уақытта орындап, аспаптың асқақ үнін аспанға шарықтатты. Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен домбыраны ұлықтау шарасында өнерпаздар тобы Түркештің «Көңіл ашарын», Құрманғазының «Балбырауынын», Динаның «Науысқы» күйлерін орындады.

Флешмоб барысында келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, домбыраның киесі мен қасиеті туралы толғамды ойлар айтылды. Атап өтейік, 2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойып, шілденің бірінші жексенбісі елімізде Ұлттық домбыра күні деп белгіленген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

«IKOMEK109» орталығына бір жылда келіп түскен шағымдардың 98 пайызының шешімі табылған

Next Post

Жұмыс орныңызда заңбұзушылықтардың куәсі болсаңыз  109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде