masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

«Асыл-жүрек» әлеуметтік медициналық орталығы зейнеткерлерді тұзды шахта арқылы емдейді

30 июня, 2021
in MASA24.KZ
0
«Асыл-жүрек» әлеуметтік медициналық орталығы зейнеткерлерді тұзды шахта арқылы емдейді
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент  қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Асыл-жүрек» әлеуметтік медициналық орталығы 29-шы маусымнан бастап карантиндік талаптарға сәйкес 65 жасқа дейінгі зейнеткерлерге қызмет көрсетуде. Бүгінде  орталықта 60-қа жуық зейнеткер ем қабылдып жатыр. Орталықта тұзды шахтамен емдеу тәсілі енгізілді.  Қызмет алушылар алдымен толық тексеруден өтіп, қажет болған жағдайда дәрігердің шешімімен 5-10 күндік курс ретінде тұзды шахтаның көмегімен ем қабылдайды.

Аталмыш ем түрі бронх демікпесі, бронхит, пневмония, ЛОР-патологиясы (аллергиялық ринит, синуситтар, гаймориттар, аденоидтар, фарингиттар, тонзиллиттар), аллергия, тері аурулары (псориаз, экзема), орталық нерв жүйесі секілді ауруларды емдеуге және алдын алуға бағытталған.

Тұзды шахтадағы ем қабылдау пайдалы  микроэлементтермен бай, ауаны жұту жолымен  жүзеге асырылады. Емделу кезіндегі ең бастысы ағзадағы зат алмасу процесін қалпына келтіреді. Сонымен қатар ағзадан жедел түрде улы заттар шығып, олар табиғи, тұздың табиғи теріс иондарымен алмасады.

Сондай-ақ тұзды шахта стресті түсіру үшін, созылмалы шаршау синдромын емдеу кезінде, невроз, ойлау және физикалық жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, ұйқыны жақсарту үшін көмектеседі. Жүрек  — қан тамырлары ауруларына да  пайдалы.

«Бізге келіп жүрген зейнеткерлерден тек алғыс алудамыз, біздің орталыққа келген әр зейнеткер көңіл-күйлері көтеріңкі, дендері сау болғанын қалаймыз. Шымкент қаласының әрбір зейнеткерлеріне орталығымыздың есігі әрдайым ашық. Әзірге тек 65 жасқа дейінгі зейнеткерлерді қабылдап жатырмыз»,- деді «Асыл-жүрек» әлеуметтік медициналық орталығының директоры Мауия Алданазарова.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте үш жылдық инвестиция 1,2 трлн теңгеден асты

Next Post

4647 жас әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде