masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

3 кітапхана шілде айында жаңғыртудан өтеді

30 июня, 2021
in Білім
0
3 кітапхана шілде айында жаңғыртудан өтеді
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан  Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2021  жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың есебін баяндады.

2021 жылдың 6 айында қалалық тілдерді дамыту-әдістемелік орталығында 56  топ ұйымдастырылып, ондағы 726 тіл үйренушінің 409-ы қазақ тілін, 61-і орыс тілін, 256-сы ағылшын тілін, 97-і латын әліпбиінің курсын  оқып шықты. Тіл үйренушілердің 178-і мемлекеттік қызметші болса, 548-і бюджеттік саланың азаматтары.

2021 жылдың І-жартыжылдығында мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрлік таңбаға көшіру үшін Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде арнайы «Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру» бөлімі ашылып, тиісті мамандармен жасақталды.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттардың 106 255 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілді

Биыл 10 кітапханаға жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 3 кітапхана ашылып, тағы 3 кітапхана шілде айында модернизациядан өтеді. Ал ІІ-кезеңде 4 кітапхананы жаңғырту жоспарланып отыр.

1 мамыр күні қалада «Этноауыл»  кешені ашылды. Қазіргі таңда кешенде рухани мәдени мұраны насихаттау бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, халық назарына ұсынылуда. Көрме орталығында 9 мәдени іс-шара  ұйымдастырылып, 5 көрме  жәрмеңкесі өтті.

Басқарма жалпы 6 бағыттағы  нысаналы индикаторлар бойынша жұмыс істейді. Есепті кезеңде кітапханаға келушілер – 42 мың 605, театрға келушілер – 31 мың 501,  музейге келушілер – 3 мың 722, концерттік ұйымға келушілер – 7 мың 930, циркке келушілер – 3 мың 690 және зоосаябаққа келушілер саны –168 мың 160 адамды құрады.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттегі электр жүйелерінде  апатты өшулер азаяды

Next Post

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде