masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістанда су мәселесі сауатты шешілуде

30 июня, 2021
in Uncategorized
0
Түркістанда су мәселесі сауатты шешілуде
0
SHARES
23
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысында су тапшылығын жоюға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асып, ағын су мәселесі сауатты шешілуде. Облыс орталығы шөлейтті аумақта орналасқандықтан қаланың микроклиматын өзгерту үшін қала көшелерін суландыру жүйесі іске қосылды. Түркістан қаласы аумағындағы аудандарда су тапшылығын шешу мақсатында, ірі су нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу», «Кеңсай – Қосқорған-2» су қоймасын салу, «Жетікөл көлдер жүйе¬сін жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, ағын су тапшылығының тәуекелділігі әлі де жоғары екенін ескеріп, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жоба¬лары әзірленіп жатыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл жобалардың Түркістан өңірін кепілді ағын сумен қамтамасыз ететін болатынына сенімді. Өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Жүргізіліп жатқан жаңа суландыру жүйелерімен танысып, жауапты басшылалға тиісті нұсқаулар берді. Суландыру жүйесі Түркістан қаласындағы Құлан ақын көшесі мен Яссы көшесі аралығындағы көшелерге, Ақан сері көшесі мен Ынтымақ көшесі аралығындағы көшелерге, Яссы мен Б.Саттарханов даңғылы аралығындағы көшелерге жүргізілген. Сондай-ақ облыс әкімі Батыс-Қытай тас жолы мен Жібек жолы көшесі аралығындағы шаруашылық каналын абаттандыру және Майкотов көшесіндегі каналды «Денсаулық саябағы» алдындағы каналға қосу жұмыстарымен танысты.

Түркістан қаласын дамыту бағдарламасына сәйкес абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде. 2025 жылдың соңына дейін шаһар толығымен абаттандырылады. Ағын суды үнемдеу үшін «ақылды технологиялар» пайдаланылады. Қаладағы қуарған жерлерге қуат бітіп, бос жатқан жерлерге ағын су келе бастады. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен 134 тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Осылайша, агросаланың алаңы артып, егіс алқаптарын суландыру мәселесі шешіліп келеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Тұран шағынауданында электр энергиясын тарату бекетінің құрылысы жүргізілуде

Next Post

Қала әкімі Тұран шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде