masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте қазақстан халқы ассамблеясының ІІ сессиясы өтті

29 июня, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте қазақстан халқы ассамблеясының ІІ сессиясы өтті
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде «Тәуелсіздік – бірлік пен тұрақтылықтың тұғыры» тақырыбында  қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІ сессиясы өтті. Қала әкімі, қалалық ассамблея төрағасы М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында Елбасы айтқан тапсырмаларды қала аумағында іске асыру мәселелері талқыланды.

 

Отырысты ашып жүргізген қала басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесіне еліміз толымды табыстармен табан тірегенін атап өтті. Сонымен бірге Елбасы төрағалығымен өткен соңғы сессияда Ассамблеяның алдағы жұмыс стратегиясы ретінде айқындалған бес қағидат бойынша жауапты сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Қала басшысы  қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері осы қағидаттар шеңберінде алдағы жұмыс бағыттарын айқындап, ел Тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға өзіндік үлестерін қосатынына сенімді екенін жеткізді.

 

Сессия жұмысы барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан «Тәуелсіздік табыстары. Береке басы – бірлік» тақырыбында баяндама жасаса, Абай оқуларының үздігі қалалық корей этномәдени бірлестігінің мүшесі Пак Тимур және тағы басқа бірнеше азамат сөз сөйледі.

 

«Мен кезінде Қазақстанға күштеп қоныс аударылған корейлердің төртінші ұрпағымын. Өз басым болашағымды Қазақстанмен байланыстырып, белін бекем буған жас буынның өкілімін. Шардарада туылып, Жетісайда жетілдім, Шымкентте  шыңдалдым. Ауылда өскеннен болар қазақ тілін жетік меңгердім, қазақи тәрбие алдым. Тіл білгенім, қазақтың көркем әдебиетіне оның ішінде Абай шығармаларына деген қызығушылығым мені бірталай белеске шығарды. Өміріме мән беріп, қайта қарауға ықпал етті»,-деді Пак Тимур.

 

Сессия жұмысының қорытындысымен оған қатысушылардың қала тұрғындарына арнаған Үндеуі қабылданды.

 

Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы қанаты астында 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарса, оларда барлығы 14 ақсақалдар алқасы, 12 аналар мен іскер әйелдер бірлестіктері, 9 жастар қанаттары, 8 жексенбілік мектептер ашылған. Қалалық ассамблеяның қоғамдық құрылымдары санатында Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, Ғылыми-сарапшылық топ, Медиация кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, Жастар қозғалысы табысты қызмет атқарып келеді.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Тиімді алмасу: әскери зейнеткерлерге ескі пәтерлерін жаңаға айырбастау ұсынылды

Next Post

Тұран шағынауданында электр энергиясын тарату бекетінің құрылысы жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде