masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

5 айда қала тұрғындарына 500 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

23 июня, 2021
in Қоғам
0
5 айда қала тұрғындарына 500 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы 2021 жылдың бес айында қала тұрғындарына 480 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 412 452 қызмет «қағаз» жүзінде, 50 мыңнан астам әлеуметтік мәселелер бойынша, ал 45 мыңға жуық жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бар.

-Біздің басты міндетіміз – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін ұсыну, азаматтардың уақыты мен ақшасын айтарлықтай үнемдеу. Біз халықтың қажетті құжаттарын тез әрі ыңғайлы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әр бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда азаматтар өз бетінше электрондық анықтамалар алып, баланы балабақша кезегіне қоя алады, айыппұл мен мемлекеттік баж салығын төлей алады. Ол үшін ЭЦҚ-ның болуы жеткілікті, оны осы жерде орналасқан ХҚО-да ресімдеуге болады, — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков.

Жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО-ларда 148 мың авто қайта тіркелді, ал жүргізуші куәліктері 29 мың рет ресімделген.

Сондай-ақ, корпорация мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үй жағдайында да отырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы алуы үшін жұмыс істеуде. Ол үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығының нөміріне қоңырау шалып, өтінім қалдыру қажет. ХҚО қызметкері өтініш берушімен хабарласады және клиентке баруға ыңғайлы уақыты туралы келіседі. Мұндай сапарлар кезінде қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алуға да үйретеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

2025 жылға дейін Түркістан облысында 130 жаңа мектеп салынады

Next Post

Шымкент қаласының спортшылары тағы бір олимпиада лицензиясына ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде