masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Сайрам-Өгем» шатқалынан тағы бір адамның мәйіті табылды

22 июня, 2021
in Қоғам
0
«Сайрам-Өгем» шатқалынан тағы бір адамның мәйіті табылды
0
SHARES
27
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды. 22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Мүрдені тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.

Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні сағат 18.30-да «112» пультіне жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса. Тағы үш туристің мәйіті табылған болатын.

ҚР ТЖМ барша азаматтарға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, дайындықсыз тауға шықпауға шақырады.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан облысында тұңғыш рет «OIQAZAN» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды

Next Post

Шымкентте 3000 мыңға жуық адам уақытша қоғамдық жұмысқа жолданған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде