masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте «Meyirim.kz» порталында тіркелген 3500-ден аса отбасыға көмек көрсетілді

22 июня, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте «Meyirim.kz» порталында тіркелген 3500-ден аса отбасыға көмек көрсетілді
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» талқыланды.

Бекітілген жол картасына сәйкес Шымкент қаласында волонтерлікті қолдау мақсатында өткен жылы Жастар ресурстық орталығынан «Волонтерлармен жұмыс жүргізу» бөлімі және арнайы коворкинг орталығы ашылып, қызмет көрсетуде.

Сонымен бірге, аталған орталықтың ұйымдастыруымен «MEYIRIM.KZ» электронды қайырымдылық порталы іске қосылды. Портал қайырымдылықтың автоматтандырылған есеп жүйесін жүзеге асыруда. Оған жыл басынан бері 3690 мұқтаж отбасы тіркеліп, оның 3564-не көмек көрсетілді. Бүгінде порталда 31 қайырымдылық қоры, 19 заңды тұлға, 4 әлеуметтік дүкен және 73 волонтер ресми тіркеліп, қызмет көрсетіп жатыр. «Шымкент волонтерлар қауымдастығы» құрылып, онда 3000-ға жуық волонтерлар тізімі жасақталды.

Сондай-ақ, волонтерлік ұйымдармен бірлесе отырып қаламызда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» жалпыұлттық марафоны басталды. Марафон аясында Риддер қаласында өрттен зардап шеккен 35 отбасыға тұрмысқа қажетті заттар жөнелтілді. Рамазан айында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға 4000-ға жуық азық-түлік себеттерін үлестірді.

Жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасыларға «Харекет» қайырымдылық қоры 15 отбасыға, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры 11 отбасыға баспана кілттерін табыстады. Жыл соңына дейін «Харекет» қайырымдылық қоры «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына — 30 баспана» акциясы қолға алынбақ.

«Birgemiz:Saulyq» бағыты бойынша «Ардагерлерді ардақтайық», «Мен донормын!», «Дені саудың, жаны сау!» акциялары аясында 80 қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

«Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша «Жарқын Болашақ», «Білімдінің күні жарық», «Blitth», акциялары аясында 50-ге жуық әртүрлі сала мамандарымен бірге оңалту орталықтарындағы аналарға 2 айға жуық білім беру, мастер-класстар, тренинг жұмыстары  ұйымдастырылды.

«Birgemiz: Тaza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында Шымкент қаласының волонтерлары «Эко Сана», «Таза қала тұрғындары» сенбілік акциялары аясында 60-қа жуық ардагерлер үйінде көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Бақытты балалық шақ» акциясын оңалту орталықтарындағы және бейімдеу орталықтарындағы балаларға арнап 70-ке жуық акция ұйымдастырылды.

«Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында қаламыздың мұражайларында қаладағы ерікті жастармен тарихи-мәдени мұраларды сақтау бойынша 15-ке жуық іс-шаралар өткен.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

ЮНЕСКО өкілі: «Түркістан облысы Қазақстандағы туризм орталығына айналуы мүмкін»

Next Post

Түркістан: «Мақсатымыз - бір» облыстық семинары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде