masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 322 бірлік квота бөлінді

22 июня, 2021
in Экономика
0
Шымкентте шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 322 бірлік квота бөлінді
0
SHARES
25
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында еңбек ету үшін жұмыс берушіге рұқсат етілген 278 шетел азаматы тіркелген. Биылғы жылдың 1-маусымында жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға 322 бірлік квота бөлінді. Бөлінген квота негізінде қаладағы 33 кәсіпорын мен ұйымдарда 278 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен еңбек қызметін жүзеге асыруда.

Шетелдіктерге қала аумағында жұмыс істеуге рұқсат беру және жұмыс істеу мерзімін ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің 4 түрлі санаты белгіленеді. Атап айтқанда, бірінші санат — 6 адам басшылар және олардың орынбасарлары, екінші санат — 19 адам құрылымдық бөлімшелердің басшылары, үшінші санат — 242-адам мамандар, төртінші санатқа — 10 адам білікті жұмысшылар жатады. Үшінші және төртінші санаттағы тартылған шетел жұмыс күшінің негізгі бөлігі.

Сондай-ақ, салықты жұмыс берушілер шетел жұмыс күшін тартқан үшін төлейді. Әр санат үшін өзінің бекітілген коэффициенті болады. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 36,0 млн. теңге алым жергілікті бюджетке түсті.

Айта кетейік, аталған кәсіпорындарда жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 12 312, Қазақстандық қамту пайызы 97,8 пайыз. Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі — 96,4 пайыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Экологияны жақсарту мәселелері талқыланды

Next Post

Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында футболдан республикалық жарыс аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде