masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан облысында бірнеше зауыт салынуда

19 июня, 2021
in Экономика
0
Түркістан облысында бірнеше зауыт салынуда
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2021-2025 жылдар аралығында жеке инвестициялар есебінен 2,6 трлн. теңгеге 181 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 27 мың жұмыс орны ашылады. Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында бірнеше ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Оның бірі — «Састөбе» химиялық кешенінің құрылысы. Бұл жобаның бірегейлігі — Қазақстанда бүгінгі күні ұқсас зауыт жоқ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарымен бөлісті.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстандағы химия саласын дамытуға зор серпін береді. Зауытта химия өнімдері, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, цемент өндіру ісі қолға алынады. Жоба құны — 136,6 млрд.теңге. 2023 жылы ашылатын өндіріс орнында 1 000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бүгінгі таңда, кешен құрылысына жер учаскесі бөлінді. Кешенге қажетті инфрақұрылымды тартуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Инфрақұрылым құрылысын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде кезең-кезеңімен қаржыландыру мәселесі шешілді.

Түркістан облысында жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы жүруде. 5 класты мотор отынын және мұнай-химия өнімдерін өндіру үшін қуаты жылына 2 млн. тонна көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша мұнай-химия комбинатының құны 130 млрд.теңге. Құрылысы келер жылы аяқталатын жаңа зауытта 650 жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Көмір-химиялық зауыты сынақ режимінде іске қосылды. 5 сыныпты мотор отынын және мұнай – химия өнімдерін өндіру үшін қуаты жылына 100 мың тонна көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу жөніндегі көмір – химия комбинатының құны 3,1 млрд.теңге. 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Фосфор кендерін өңдеу зауытының құрылыс-монтаждау жұмыстары өткізу 2022 жылға жоспарланып отыр. Құны 129,9 млрд.теңгені құрайды. Зауытта 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: облыста 800 мыңға жуық адам ПТР тест тапсырды

Next Post

Әл-Фараби ауданында көше бойындағы жарнама мәтіндеріне рейд жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде