masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: 700-ден астам елді мекен ауыз сумен қамтылады

19 июня, 2021
in Қоғам
0
Түркістан: 700-ден астам елді мекен ауыз сумен қамтылады
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына» сәйкес, 2023 жылдың қорытындысымен қалаларды 100 %, ал 2025 жылы ауылдық елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында өткен Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында мәлімдеді.

Ауыз сумен қамту мақсатында Түркістан облысында 60 нысанның құрылысына бюджеттен 12,7 млрд. теңге бөлінді. Соның тең жартысын биыл пайдалануға беру жоспарлануда, қалғаны келер жылға өтпелі. Нәтижесінде, 20 елді мекен ауыз сумен қамтылса, 11 елді мекеннің су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Жыл қорытындысымен облыстағы 843 елді мекеннің 717-сі ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қамту деңгейі 93,3%-ға жетеді.

Табиғи газбен қамту бойынша биыл 87 нысанның құрылысына 13,8 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде 24 нысан пайдалануға берілсе, қалған 51 нысан келер жылға өтпелі. Жыл соңында 444 елді мекен немесе 1,4 млн. халық (66,6%) табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Сапалы электр жарығымен жабдықтау бойынша биыл 6,7 млрд. теңге қаралып, 34 нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. 27 нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі. Нәтижесінде 13 елді мекендегі 13,5 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады.

Сонымен қатар, Келес ауданында 220 кВ-тық «Қызыләскер» қосалқы станциясының және 110 кВ-тық электр желісінің құрылысын аяқтап, ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 705 мың тұрғын, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық нысандары тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтылады. Түркістан облысы бойынша биыл 321 нысан, не 1200 шқ. жуық жолдар мен көшелер жөнделеді. Жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 79%-дан 89%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан аумағында жаңа су қоймалары салынуда

Next Post

Түркістан: облыста 800 мыңға жуық адам ПТР тест тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде