Ауыл шаруашылығында 5 айда 170 млрд.-тан астам теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% — ға артты. Оның ішінде: мал шаруашылығының жалпы өнімі — 136,6 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі — 31,1 млрд.теңгені құрады. Салаға 15,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 2 еседей артты. Елімізді отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін құны 810 млрд.тг 93 инвестицялық жобаны жүзеге асыру іс-шарасы қабылданды. Биыл құны 83,5 млрд.тг 36 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
«Биыл егіс көлемі 845 мың га құрап, жоспар 100% орындалды. Жаңадан 54 га жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1 300 га құрады. Қазіргі таңда аумағы 74 мың тн өнім өндірілді. 3 мыңға жуық шаруашылық жылына 2-3 өнім алады. Қазіргі таңда 100 мың тоннаға жуық көкөніс өнімі жиналып, екінші өнімге агротехникалық іс-шаралар атқарылуда»,-деді Өмірзақ Шөкеев тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.
Азық-түлік белдеуі аясында 11 мың га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру» жобасы аясында 35,5 млрд. теңге 6 ірі жоба жүзеге асырылуда. Мал шаруашылығында мал басының тұрақты өсімі сақталуда. Тиісінше, ет өндірісі – 4%-ға, сүт – 3,1%-ға, жұмыртқа – 8,5%-ға артты. Жалпы жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемі 850 млрд.теңгеге жеткізілетін болады. Еңбек өнімділігі 19% артып, жылдық жоспар толық орындалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі