masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысында ет сатушы 147 тұрғынның атынан несие рәсімдеген

16 июня, 2021
in Қылмыс
0
Түркістан облысында ет сатушы 147 тұрғынның атынан несие рәсімдеген
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысында тұрғын 147 адамға онлайн-несие рәсімдеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментіне несие рәсімдеу кезіндегі күдікті әрекеттерді байқап, банк қызметкері жүгінген. Тексеру кезінде жедел уәкілдер алаяқтықты анықтаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Ол ет өнімдерін сатумен айналысатын Сайрам ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны болып шықты. Бүгінде сот оны екі айға қамауға алуға санкция берген.

Күдікті соңғы үш айда әр балаға 50 мың теңге әлеуметтік көмек алып беруге уәде беріп, жәбірленушілердің жеке деректерін алған. Кейін ол құжаттарды пайдаланып онлайн-несие рәсімдеген. Осылайша, полицияға жүгінген жәбірленушілер саны 147 адам болған. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар.
«Қазір тергеушілер соталды тергеу жүргізіп жатыр. Алаяқтық құрбандарының саны артуы мүмкін. Біз оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, келтірілген залалды есептеп жатырмыз», — деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы «Аса ірі мөлшердегі алаяқтық» бойынша тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Previous Post

"Үшінші толқын". Бас санитария дәрігері қазақстандықтарға үндеу жасады

Next Post

Жаңа жедел жәрдем орталығы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде