masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Түркістан облысының полицейлері 3 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 14 жасар қызды тапты

8 июня, 2021
in MASA24.KZ, Қылмыс
0
Түркістан облысының полицейлері 3 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 14 жасар қызды тапты
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Үш күннен бері Жетісай ауданында 14 жастағы жасөспірім қыз із-түссіз жоғалып кетіп, Түркістан облысының жұртын дүрліктірген болатын. Бүгін міне қуанышты жаңалық!!! Небары 14 жастағы қыз 07 маусымнан 08 маусымға қараған түні шамамен сағат 01:30-да Шымкент қаласындағы мөлтек аудандардың біріндегі құрылысы аяқталмаған үйден табылды.
Еске сала кетсек, 04.06.2021 жылы Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын, яғни 14 жасар қыздың анасы келіп арызданған. Арыз аудан полицейлерімен бірден тіркеуге алынып, жасөспірімді тез арада аман есен табу үшін аудандық полицейлермен бірге Түркістан облысы Полиция департаментінен тәжірибелі полицейлер, яғни криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.
Сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы және жақын аймақтардың барлығына қыздың айрықша белгілері бойынша мәліметтер жіберіліп, іздестірудің аумағы кеңейтілді. Себебі жасөспірімнің дін аман табылуы үшін әрбір минут маңызды еді.
Іздестіруге жұмылдырылған полицейлер облыстағы салынып жатқан тұрғын үйлер, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыс алаңдарын тексерді. Тіпті Шымкент қаласындағы қыздың баруы мүмкін деген орындар да мұқият тексерілді. Қызды дін аман табу үшін қажетті шаралардың барлығы қарастырылып, атқарылды.
Осылайша 3 күн қатарынан жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде, 14 жастағы қыз аман есен табылып, отбасына қайтарылды. Қазіргі таңда полицейлер қыздың отбасына айтпастан үйінен шығып кетуінің себебін анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Жоғалған қызының іздеу жұмыстарына жедел жұмылдырылып, қызметте кәсібиліктерін көрсеткен полицейлерге жасөспірімнің анасы шексіз ризашылығын жеткізді.

Previous Post

МНЕНИЕ ЭКСПЕРТА О ВАЖНОМ КОДЕКСЕ - АППК

Next Post

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА ЖАҚСАРА ТҮСУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде