ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЯСИ-ҚУҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2020 жылғы 3 желтоқсандағы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы хаттамасына сәйкес 2021 жылғы
14 қаңтарда облыс әкімінің №6 қаулысымен «Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия» құрылған болатын.
Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Түркістан облыстық мәслихатының шешімімен комиссияның құрамы бекітіліп, өз жұмысын бастады.
Облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы С. Қалқамановтың төрағалығымен 2021 жылғы 2 маусым күні Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының кезекті екініші отырысы болып өтті.
Комиссия отырысына Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері мен облыстағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ мүшелері қатысты.
Жиында облыс әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала мониторинг бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбеков, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Утебаев облыстағы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Досай Кенжетай, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Хазретәлі ағымдағы жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Алдағы уақытта маусым-тамыз айлары аралығында облыс тұрғындарымен кездесу үшін комиссия және жұмысшы топ мүшелері облыстағы аудан, қалаға экспедицияға шығатын болады.
Маусым айынан бастап аудан, қалада әкімдіктерінен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша тұрғындарды қабылдайтын арнайы мамандар жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, комиссия мүшелерінің ұсыныстарына сәйкес ақпараттық насихаттық жұмыстарды жүргізу үшін арнайы медиа жоспар бекітіліп, насихат жұмыстарын жандандыру қолға алынды.