masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ҚАЛА ӘКІМІ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

7 июня, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫМЕН АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АБЗАЛ ЖАН
ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫМЕН АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АБЗАЛ ЖАН
0
SHARES
25
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ҚАЛА ӘКІМІ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды онлайн режимде қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Кезекті жеке қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты.

Тұрғындар негізінен инфрақұрылым, әлеуметтік, коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді көтерді. Қала әкімі әрбір тұрғынның шағымын тыңдап, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Абай ауданының тұрғыны Жолдасбек Жанбуршын Нұршуақ шағынауданының (Солтүстік саяжай) ауызсу мәселесіне назар аударды.
Шағынауданды ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Бес қара» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын. Нысан 2021 жылға өтпелі. Жоба құны – 2 млрд 985,6 млн теңге.
Қала әкімі құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, шағынаудан сапалы ауызсумен қамтылатын атап өтті.

Қаратау ауданы Асар-2 шағынауданының тұрғыны Тұрдалы Шынасылов электр жарығының мәселесін алға тартты.
Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 20 шілдесінде қосалқы станцияның құрылысы аяқталады. Жалпы Асар-2 елдімекенін тұрақты электр көзіне қосу жұмыстары 1 тамызға дейін толық аяқталады деп күтілуде. Шағынауданды сапалы электр қуатымен қамту мақсатында мердігер мекеме «Ремстрой Алматы» АҚ-ы тарапынан электр бағаналарын, электр желілерін салу жұмыстары жүргізілді.
Қала әкімі жобаға сәйкес, 2 765 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілетінін айтты.

Әл-Фараби ауданының тұрғыны Кристина Коробкова Дулати, Қазыбек би көшесіндегі кәріз жүйесі мәселесін шешуді өтінді.
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Шолохов көшесінің бойында кәріз жүйелерінің құрылысы 2022-2023 жылдары жүргізіледі.

Еңбекші ауданының тұрғыны Талғат Күзербаев целиакия диагнозымен ауыратын балаларға арнайы глютенсіз емдік тағаммен қамтамасыз етуді сұрады.
2021 жылы 17 мамырда «shymzdrav.kz» сайтында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуға қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Мемлекеттік сатып алу конкурсының өтінімдерін ағымдағы жылдың 7 маусымда ашу жоспарланып отыр.

Шаһар басшысы азаматтардың мәселелері тұрақты бақылауда болатынын айтып, басқарма басшылары және аудан әкімдеріне мәселелерді терең зердереп барып, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Previous Post

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМАЛАРДЫ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙ ТҮСТІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША КҮНДЕЛІКТІ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде