masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Үшем босанудан Түркістан облысы келіндері алда келеді

27 мая, 2021
in Денсаулық, Жаңалықтар, Қоғам
0
Үшем босанудан Түркістан облысы келіндері алда келеді
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жыл басынан бері Түркістан облысының батыр аналары «үшемдетіп» рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
⠀
Жақында Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді. 37 жастағы Назипа Янгибаева № 1 облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанған.
⠀
Уақытынан ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынды. Білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарып келеді.
⠀
Дүние есігін жаңадан ашқан нәрестелерге ерекше есімдер берілді. Әдемі, Ислам, Самира есімді үшемдер жақында үйлеріне шығарылмақ.
⠀
Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұлы мен екі қызы бар. Көпбалалы ана — үй шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.
⠀
Былтыр № 1 Облыстық перинаталдық орталығында 8746 сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 3108 нәресте туылған. Оның 72-сі — егіздер болса, екеуі үшем. Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.

Previous Post

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛАҢЫЗ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Next Post

ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҮЛЕКТЕР МҰҚТАЖ ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде