masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 33 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА

25 мая, 2021
in MASA24.KZ, Білім, Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 33 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу


Шымкент қаласында 2021 жылы мемлекеттік бағдарламалардың аясында жалпы 33 мыңнан астам адамды, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 1,5 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Қала әкімінің айтуынша, осы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы 3 бағыт бойынша іске асырылатын болады. Бірінші бағыт бойынша 5,5 млрд. теңгеге 13 нысанның құрылысын жүргізу, екінші бағытта 1,5 млрд. теңгеге микрокредиттер беру, үшінші бағыт бойынша 7,1 млрд. теңгеге бизнес субъектілеріне қолдау көрсету қарастырылған.

Осы атап өткен бағыттарды нәтижелі жүзеге асырған кезде 6,5 мың адам таза сумен және 17,6 мыңа дам электр жүйелерімен қамтылады, сонымен қатар, 392 жұмыс орны құрылады. Ал екінші бағыт бойынша орташа есеппен 4,2 млн. теңге мөлшерінде 6%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен 357 жобаға берілген жағдайда 757 тұрақты жұмыс орындары құрылады. Сонымен бірге, бюджет кірістеріне кемінде 45 млн. теңге салық түсетін болады деп күтілуде. Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 70-ке жуық жобаларды іске асыру және 280 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Previous Post

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫ ҮШІН ANTALYA BILIM ОҚУ ОРНЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТТЫ

Next Post

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ-ДІҢ 27 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде