masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ШЫМКЕНТТЕ ДЕМЕУШІНІҢ КӨМЕГІМЕН ҚОС БІРДЕЙ СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

25 мая, 2021
in MASA24.KZ, Билік, Жаңалықтар, Мәдениет
0
ШЫМКЕНТТЕ  ДЕМЕУШІНІҢ КӨМЕГІМЕН ҚОС БІРДЕЙ СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласында екі бірдей спорт алаңшасы ашылды.

Әл-Фараби ауданындағы Әлімбетов көшесі №45в үй ауласы мен Текесу тұрғын алабында пайдалануға берілген спорт алаңшалары жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың жеке қоры демеушілігі есебінен салынды.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген меценаттарға алғысын білдірді.

«Қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында аула ішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл бюджет есебінен қала аумағына қосымша 101 спорт алаңын соғу жоспарымызда бар. Ал, Әл-Фараби ауданы аумағында биылғы жылы өңіріміздің кәсіпкері Серік Тульбасовтың жеке қоры демеушілігі есебінен 7 спорт алаңшасы соғылып, пайдалануға берілетін болады. Бүгін сол спорт алаңшасының екеуі халық игілігіне беріліп отыр. Бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып, өскелең ұрпақтың мүддесін ойлап жүрген жомарт азаматтарға алғысымыз шексіз! Қоғамға пайдалы істеріңізді қала тұрғындары ұмытпайды»,-деді қала басшысының орынбасары.

Спорт алаңдары воркаутпен айналысуға арналған спорттық жабдықтармен және дене жаттығуларына арналған аймақпен жарақтандырылған.

Президент тапсырмасына орай, қалада биылғы жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар көрсеткішін 31% ұлғайту жоспарлануда.

Previous Post

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Next Post

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде