masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ШЫМКЕНТТІҢ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 14,4 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

14 мая, 2021
in MASA24.KZ
0
ШЫМКЕНТТІҢ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 14,4 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ШЫМКЕНТТІҢ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 14,4 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

Республиканың ең ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылатын Шымкент қаласында осы жылдың төрт айында 243,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ал, өнеркәсіп саласында үлесі 84,4 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 205,4 млрд. теңгенi құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4 пайызға артты. Бұл көрсеткішпен қаламыз еліміз бойынша алғашқы бестікке кіріп отыр.

Қаладағы өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында өсу динамикасын байқауға болады. Мысалы, химия өнеркәсібі 2,4 есе, фармацевтика өнеркәсібі 31%-ға, жеңіл өнеркәсібі 34,1%-ға, тамақ өнеркәсібі 15%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 11%-ға және металлургия 2,2%-ға өскен.

Жалпы Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында қала аумағынан үш индустриалды аймақ құрылуда. Олардың бірі 306 гектар жерді алып жатқан «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Бұл аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. Сонымен қатар, екі агро-индустриалды аймақ іске қосылады. Онда 28 жоба мен биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді.

Болашақта Шымкент қаласы өзінде және көрші облыстарда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында даму көзделуде.

Айта кетейік, қалада өнеркәсіп саласында 704 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 26 ірі және 47 орта кәсіпорындар. Онда 32 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ - ВАКЦИНАЛАУ БОЙЫНША 2-ОРЫНДА

Next Post

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰСТАЗ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде