masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ШЫҢҒЫС МҰҚАН-ҮЗДІК ЖЕТІЛІКТЕ ЖҮР

8 мая, 2021
in MASA24.KZ, Билік, Жаңалықтар
0
ШЫҢҒЫС МҰҚАН-ҮЗДІК ЖЕТІЛІКТЕ ЖҮР
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шыңғыс-журналистен туған журналист ғой. “ТОП-50”-дің үздік жетілігінде жүр. Қуаныштымын. Айтпағым,
Шыңғыстың өзін сыйлаймын. Ал, əкесі Жұмабек көкемді ерекше құрметтеуші едім. Айтпағым сол… Мен,
2003-2005 жылдары Өзбекстандағы ”Хабардың” тілшісі кезімде ол кісі Ташкентке келді. Əйтеке бидің
басын қарайтуға атсалысып, Нұратаға бірге бардық. Бізбен бірге қызы Гүлнар Мұқан, Шардарадағы
телеоператор Оңласын Төлегеновті ерте келіпті. “Хабардың” теоеоператоры Садириддин
Зиямухамедов жəне Қазақстан əуе компаниясының Өзбекстандағы өкілі жеңгеймен бірге бəріміз (атын
ұмытып тұрмын) сапарлас болдық. Жол ұзақ. Самаурыннан шай іштік жолай. Бейіттің басына бардық.
Көрдік. Құлазыған мазараттың мүшкіл халін көріп, көңіл құлазыды. Дабыл қақтық. Сюжет түсірдік.
Мəселені тереңнен көтердік. Үкіметтің назарын аудартып, Жұмабек ағам ашық сұхбат берді. Бұл 2003
жылдар еді.. Сосын, біраз уақыт өткен соң Жұмабек көкем қуанып маған телефон соқты. “Қазақтың
абызы Əбіш Кекілбай өзі бас болып, біз көтерген мəселені Үкімет деңгейінде назарға алды, Əйтеке би
бабаның бейітінің басына кесене орнату ісі қолға алынатын болды бұйыртса”-деп телефонмен өз
қуанышын балаша жеткізген еді Жұмабек көкем. Солай болған. 2011 жылы Əбіш ағамның шаңырағында
Клара жеңгейдің қолынан дəм тату бұйырды маған. Құлбек ағаммен бірге бардым. “Иə, солай болған,
Жұмабекпен бірге Хабар түсірген сол сен балама едің”-деп, арқамнан қаққаны əлі есімде. Өмір.., Қазір
арамызда абыз атамыз Əбіш Кекілбайда, Клара жеңгейде, Жұмабек Мұқан көкемде, Шардаралық
теоеоператор Оңласын ағамда жоқ. Жандары жəннатта болсын! Ораза айында жақсы адамдардың
жақсылығын айта жүрейік. Сол жақсы көкемнің жақсы ісін жалғастырушы, Шыикент қаласы əкімінің 1-
орынбасары, журналист Шыңғыс бауырымның елмен етене араласқыш елгезектігі еленіп, “ҮЗДІК
ЖЕТІЛІКТЕ” жүргеніне шын қуандым. Үздік “Топ 50-ге” топ етіп түсудің өзі оңай емес, ал соның ішінде
Шыңғыстың үздік жетілікте жүруі əке тəрбиесінен дарыған ашықтығы шығар…
Е. Әмірбек

Previous Post

БИЫЛ 153 ШАҚЫРЫМ ТОПЫРАҚ КӨШЕЛЕРГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛЕДІ

Next Post

ТӨРТ АУДАН АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде