masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

УЕФА Қазақстанға футбол маусымын қалай аяқтаудың жобасын ұсынды

22 апреля, 2020
in Спорт
0
УЕФА Қазақстанға футбол маусымын қалай аяқтаудың жобасын ұсынды
0
SHARES
66
VIEWS
БөлісуТуиттеу

– Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) жұмыс топтары бұған дейін коронавирус пандемиясы салдарынан тоқтатылған ресми құрлықтық жарыстардың турнирлік күнтізбесінің түрлі жобаларын ұсынды, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Бейнеконференция түрінде өткен кеңеске УЕФА президенті Александер Чеферин мен Еуропа футбол қауымдастықтары одағының бас хатшысы Теодор Теодорис қатысты. УЕФА құрамына кіретін Еуропа мемлекеттірі өкілдерінің құрамында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин болды. Форум қатысушылары COVID-19 індетінің өршуі аяқталған соң еуропалық футбол жарыстарын өткізу бойынша оңтайлы шешім табу үшін құрылған екі жұмыс тобының атқарған іс-шараларының қорытындыларымен танысты. Бірінші кезекте кәсіби клубтық және құрама командалар арасында өткізілетін ресми жарыстар күнтізбесін іске асырудың түрлі мерзімдерін қарастыратын нұсқалар ұсынылған. УЕФА мүдделі тараптарды бұл бағыттағы міндеттемелерін уақытылы орындайтынына сендірді. Кеңес соңында жоғары дивизиондар чемпионаттары мен ұлттық клубтар ойындарында турнир маусымын аяғына дейін жеткізуге кеңес берілді. Сондай-ақ кеңесте қозғалған тақырыптар бойынша ресми шешімдер УЕФА Атқарушы комитетінің алдағы бейсенбі күніне жоспарлаған отырысынан кейін жарияланады.

 

Tags: CпортФутбол
Previous Post

Жеміс-жидек пен көкөніс экспортына шектеу жоқ

Next Post

Жасыл ел

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде