masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Қаратау ауданында абаттандыру қағидаларын бұзған азаматқа ескерту жасалды

8 мая, 2021
in Cаясат, MASA24.KZ, Билік, Жаңалықтар, Қылмыс
0
Қаратау ауданында абаттандыру қағидаларын бұзған азаматқа ескерту жасалды
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты. Шымкент республикадағы үшінші мегаполис екенін ескерсек, қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір тұрғынның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында болуы заңдылық.
Ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі. Дей тұра, өз үйінің ішкі жинақылығымен ғана шектелетіндер бар. Себебі, қоқысты көшеге төгетін, үйдің жоғары қабатынан далаға лақтыратындар да кездеседі. Арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс тастай салатындар да бар.
Осыған орай, шымкенттік полиция қызметкерлері қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, көше бойына қоқыс тастаған жайттарды анықтау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Қаратау аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Нұрсат шағынауданында Арғынбеков көшесінің бойында жүк көлігін байқап, тоқтатады. Жүк көлігінің доңғалақтары балшық, лас күйінде жолды лайлап, қалалар мен елдімекендерді аббаттандыру қағидаларын бұзғаны анықталды. Көлік жүргізушіге ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қаланың тазалығына әрбір тұрғын жауапты. Тазалық өзіміздің үйімізден, ауламыздан, көшемізден басталатынын ұмытпайық!
Шымкент қаласы Полиция департаменті қаланың аббаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді!

Previous Post

Шымкенттің Бас полицейі медальмен марапатталды

Next Post

Шымкент: Отан қорғаушылар күнінде 100-ге жуық полицей марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде