masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ШЫМКЕНТТІК ШӘКІРТТЕР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

5 мая, 2021
in MASA24.KZ, Білім
0
300 АЗАМАТҚА 1 МЛН ТЕҢГЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН ТАПСЫРУ  ЖОСПАРЛАНУДА
300 АЗАМАТҚА 1 МЛН ТЕҢГЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН ТАПСЫРУ  ЖОСПАРЛАНУДА
300 АЗАМАТҚА 1 МЛН ТЕҢГЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН ТАПСЫРУ  ЖОСПАРЛАНУДА
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ШЫМКЕНТТІК ШӘКІРТТЕР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Жуырда жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадаға Шымкент қаласынан 100 оқушы қатысты. Білім додасында 31 шәкірт жүлделі орындарға ие болып, қаламыздың абыройын асқақтатты.

Пандемияға байланысты биылғы Олимпиада «Ustudy» орталықтарында «бір оқушы — бір компьютер — бір камера» қағидасы бойынша ұйымдастырылды. Олимпиаданың тапсырмалары әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылды және сол тапсырмаларға әрбір қатысушыға жеке қол жеткізу коды берілді.

Олимпиада аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберілді. Әрбір кезең аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» орталығының интернет-ресурсында олардың жеке деректерінсіз орналастырылды. Биылғы оқу жылында республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысқан.
Соның ішінде соңғы мәреге еліміздің барлық өңірінен 1 жарым мыңнан астам шәкірт іріктеліп шығып, өзара бақ сынасты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Шымкент қаласының шәкірттері үздің нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 11 күміс, 18 қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, қаламыздың 6 мектебі еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енді.

Previous Post

В АЛЬ-ФАРАБИЙСКОМ РАЙОНЕ ПРОВЕДЕНЫ РАБОТЫ ПО ОЗЕЛЕНЕНИЮ ТЕРРИТОРИИ

Next Post

ШКОЛЬНИКИ ШЫМКЕНТА - ПОБЕДИТЕЛИ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ОЛИМПИАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде