masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ХДУ, АЛҒА! ҚЫЗДАР ЛИГАСЫНАН БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

23 апреля, 2021
in Жаңалықтар, Спорт
0
ХДУ, АЛҒА! ҚЫЗДАР ЛИГАСЫНАН БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
0
SHARES
31
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкенттік студенттер Қазақстанның футзалдан қыздар лигасынан бірінші орынды жеңіп алды. Еліміздің футбол федерациясы мен Білім және ғылым министрлігі бірігіп ұйымдастырған жарыс Нұр-Сұлтан қаласында өткн болатын. Шырайлы шаһардың намысын қолдан бермеген шәкірттер Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінде оқиды. Алты бірдей команданы айқын басымдықпен жеңіп, шаң қаптырған аяқ доп шеберлері кеше түнде пойыздан түсті.

Байрақты бәсекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 12 Жоғары оқу орны қатысты. Шымкенттік бұрымдылар жарыста айрықша ойын өрнегін көрсетті. Турнирдің «В» тобында университет командасы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет командасын 6:0 есебімен ұтса, Қазақстан Агротехникалық университетінен 15:0 есебімен басым түсті. Астана құрамасын 4:3, ал Петропавл құрамасын 17:0 есебімен ұтты. Жартылай финалда Петропавл командасын 12:0 есебімен жеңіске жетсе, финалдық сайыста Астана құрамасын 6:1 есебімен тізе бүктірді.
фото
Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ректоры Қуатбекованың айтуынша, спорттағы жетістіктері үшін футбол ойыншыларына 50-100 пайыз оқу ақысында жеңілдіктер қарастырылған. Және оларға арнайы степендия тағайындалған. Уинверситет басшысы сондай-ақ, қыздар футбол командасы ЖОО арасында өткен сайыстарда осымен үшінші рет бірінші орынды бермей келеді.

Айта кетейік, жарыста айқын жеңіспен көпшіліктің сүйспеншілігіне бөленген бұрымдылар турнирдің атаулы номинацияларына да ие болды. «Ең үздік ойыншысы» дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Анастасия Ниязиамуддинова атанса, «Ең үздік шабуылшы» номинациясына Аселхан Тұрлыбекова лайық деп танылды.

Нұрсұлтаннан қуанышпен оралған Аида Асылбек команданың жартылай қорғаушысы. Жас спортшының айтуынша, жарыс өте тартысты болған.

Қанжысы майланып, көңілі жайланған қыздардың бапкері де кезінде талай жарыстың дүркін-дүркін жеңімпазы болған.
Мейірбек Ақшораев енді қыздарды Алматыда өтетін ойынға дайындамақ.
Толайым табысқа толы айқын жеңісті қыздар тобы Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр. Мамыр айының соңында Алматыда 16 жоғары оқу орын арасында кезекті кездесу болады. Жеңімпаздар сол жарысқа жолдама алды. Бірінші орын шымкенттік аруларда екеніне бек сенімдіміз.

Г. Қапал

Previous Post

ОПЕРАЦИЯ НА ТУБЕРКУЛЕЗ ПОЗВОНОЧНИКА В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛА УСПЕШНО

Next Post

ЖЫЛЫНА 800-ДЕН АСА ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕРГЕ КҮТІМ ЖАСАЙТЫН БІЛІКТІ ДӘРІГЕР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде