2022-2023 ЖЫЛЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ
Шымкентте 2021 жылы ауызсумен қамтамасыз етудің болжамды көрсеткіші 98 пайыз деп белгіленіп отыр. Жалпы қалада 2022-2023 жылы сапалы ауызсумен қамту көрсеткішін 100 %-ға жеткізу басты назарда.
Биыл құрылысы басталатын Құрсай, Қайнарбұлақ, Сайрам, Нұртас (жаңақұрылыс) шағынауданындағы 4 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады.
Сондай-ақ, құрылысы 2022 жылы басталып, 2023 жылға өтпелі нысандар – «ВС-6», «ВС-1» суаққының құрылысы, «Сайрам-Су» су имараты, «Сайрам-су» су имаратынан Қызылсу, Жыланбұзған елдімекенге дейінгі суаққы құрылысы. 2023 жылы жалпы 4 нысанның құрылысы аяқталады.
Қалада тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді.