Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап, 2021 жылдың 23 сәуір күні ұйымдастыратын «Қуатбеков оқулары-1: «Тәуелсіздік тағылымы» атты онлайн және оффлайн Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы болатынын хабарлайды.
Өтетін орны: Шымкент қ., Төле би к., 32 үй. «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті», АКТ залы.
Уақыты: 23.04.2021ж. сағат 11:00-де.
Конференцияның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздігіміздің 29-шы жылы күрделі, қиын әрі ерекше болғанын атап өтті. Аталмыш жыл – межелі кезең. Бұл жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт. Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз. Бұл – өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік.
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеттің құрылғанына 20 жылдан асты. Аталмыш конференцияда «Қуатбеков оқуларының» тұсауы кесілмек. Болашақта «Қуатбеков оқулары» төңірегіндегі конференция жыл сайын өткізілетін болады. Еліміздегі ғылым саласын дамытуда зор үлес қосқан ғалым Қуатбеков Әбдімұса Мұратұлының сүбелі өмір жолын насихаттау өскелең ұрпаққа үлкен мектеп.
Конференция санитарлық нормаларды сақтай отырып оффлайн режимінде басталып, Zoom платформасында онлайн форматта жалғасады.
Конференцияға 9 мемлекеттен ғалымдар қатысу үшін ниет білдірді. Атап айтқанда, Польша, Малайзия, Түркия, Кытай Халық Республикасы және жақын Ресей Федерациясы, Әзірбайжан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және отандық ғалымдар — 342 мақалаларын жіберіп отыр. Соның ішінде Қазақстаннан – 258, Өзбекстаннан-72, Ресейден-6, Тәжікстаннан-3, Түркиядан-2, Польша және Әзербайжаннан 1 ғалымнан қатысады. Олардың негізін жас ғалымдар (доктор Phd, магистрлар) құрайды.
Конференция жұмысы 6 секцияда өтеді:
1. Химия және химиялық технологияның теориялық және қолданбалы аспектілері.
2. Әлеуметтік гуманитарлық ғылым дамуында «Рухани жаңғыру»-дың рөлі.
3. Заманауи баламалы энергия түрлерімен құрылыс материалдарын алудың әдістер.
4. Оқу үрдісінде IT технологияны оқытудың бүгінде мамандарды дайындаудағы заманауи әдістері.
5. Әлемдік дағдарыс жағдайында нормативті-құқықтық аспектілерді реттеуді жетілдіру.
6. Міндетті медициналық сақтандыру – пандемия жағдайында халыққа медициналық қызмет көрсетуді басқарудың тиімді әдістері.
Ақпарат үшін телефондар: + 7 (747) 8566739
Эл. почта: M_turtaev_@mail.ru