masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ҮЗДІК ӘДІСІН МЕҢГЕРГЕН ҰСТАЗ

21 апреля, 2021
in MASA24.KZ, Білім, Жаңалықтар
0
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 3 482 АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ҮЗДІК ӘДІСІН МЕҢГЕРГЕН ҰСТАЗ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №83 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баян Жәнібекова қашықтықтан оқытудың үздік әдісін меңгерген ұстаз. Ол замана жетістіктеріне машықтанған маман. Тәжірибелі ұстаз іздемпаздығының арқасында коронавирус індеті жайлаған карантин тұсында шәкірттерді онлайн оқытудың үздік әдісін таба білді. Сөйтіп 2020-2021 оқу жылында онлайн сынып жетекшілері арасындағы үздік сынып байқауына қатысып, I орынға ие болды.

30 жылға жуық ұстаздық етіп келетін Баян Жүзболатқызы еңбегі мен ізденісінің арқасында былтыр еліміздің ақпарат және коммуникация министрлігінің бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды. Сонымен қатар, «Бастауыш білім беру педагогикасы» пәні бойынша ұйымдастырылған олимпиаданың жеңімпазы атанып, қаламыздың мәртебесін көтерді. Елімізде алғаш ұйымдастырылған республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында да үздік нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, ол Қазақстан педагогикалық академиясының шешімінен «Бастауыш сынып мұғалімдер пән олимпиядасы- бас жүлде иегері» төс белгісімен марапатталып мектептің абыройын асқақтатты.

Оқушыларының да ауыз толтыра айтарлық жетістіктері жетерлік. Ұстаздың шәкірттері «Самұрық», «Кенгеру», «Пони», «Алтын ұрпақ» және «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадаларына қатысып, бас жүлделерді иеленді. Онымен қоса республикалық «Жас ғалым» ғылыми жоба байқауының жеңімпазы атанған оқушылары да бүгінде білім ошағының мақтанышы.

Жаңашыл ұстаз өскелең ұрпаққа сыйлы, ұжымға құрметті. Өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шәкірт жүрегіне де жол таба білген білікті педагог.

Previous Post

ШЫМКЕНТСКИЙ ВРАЧ-ОНКОЛОГ ПРООПЕРИРОВАЛ И СПАС ЖИЗНЬ БОЛЕЕ 6 ТЫСЯЧАМ ПАЦИЕНТОВ

Next Post

ПЕДАГОГ, ВЛАДЕЮЩИЙ ЛУЧШИМИ МЕТОДАМИ ДИСТАНЦИОННОГО ОБУЧЕНИЯ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде