masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Өрт сөндіру мамандығындағы өжетті жастың бірі

19 апреля, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар, Қоғам
0
Өткен тәулікте 2756 адамға вакцина салынды
Өткен тәулікте 2756 адамға вакцина салынды
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ӨРТ СӨНДІРУ МАМАНДЫҒЫНДАҒЫ ӨЖЕТТІ ЖАСТЫҢ БІРІ

Адам өміріне тез араша түсу, құндылықтарды қауіпсіз аймаққа шығару, қиын жағдайларда түрлі кедергілерден өту – өрт сөндірушілердің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, бұл мамандық иелері төзімділікті, батырлықты, тез әрекет етуді бойына мықтап сіңіру қажет.
Бұл қасиеттердің барлығы шымкенттік өрт сөндіруші-құтқарушылардың бойында бар. Өйткені олар барлық кезде белсенді, тұрақты түрде өздерінің дағдыларын жетілдіруге және спортпен айналысуға көңіл бөледі. Сондай жастың бірі – Нұрсұлтан Жорабек.

1999 жылы 20 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген ол жастайынан спортты серік еткен. Мектепте оқып жүрген кездің өзінде-ақ бокстан алдына жан салмайтын. 2011 жылы Ақмола облысының Жақсы қаласында өткен бокстан республикалық турнирдің жеңімпазы және де бірнеше халықаралық турнирдің жүлдегері атанды. Қазіргі уақытта бокстан спорт шеберіне үміткер.

Нұрсұлтан мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге шешім қабылдайды. Қайсар жас өз өмірін өрт сөндіру қызметімен байланыстырып, Отанға қызмет етуді алға мақсат етіп қояды. 2016 жылы Көкшетау техникалық институтына оқуға түскен ол институт қабырғасында да алдыңғы шепте көріне білді. 2020 жылы «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. Осы жылы оқу орнын үздік аяқтап, «оқу орнының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Көптен күткен «азаматтық қорғау аға лейтенанты» шенін алды.

Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақ инженері лауазымына тағайындалған Нұрсұлтан Баратұлы қызметінің бірінші күндерінің өзінде-ақ өзінің өжеттелігі мен мамандығына деген адалдығын дәлелдей алды. Төтенше жағдайларды алдын алу мен жою жұмыстарына білек сыбана кірісіп, адам өмірі мен құндылықтарын құтқаруда көзге түсе білді.
2020 жылы 4 қазанда Республика даңғылында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, Нұрсұлтан бастаған буынның тез әрекет етуінің арқасында 4-қабаттағы пәтерден өздігімен жүріп-тұра алмайтын ер адам құтқарылды. Өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ.
Осының барлығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрсұлтан Жорабектің антына адал, сертіне берік, өз мамандығын мақтаныш ететіндігінің дәлелі.

Previous Post

ВРАЧ, ВЛАДЕЮЩИЙ ВСЕМИ ВИДАМИ ГИНЕКОЛОГИЧЕСКИХ ОПЕРАЦИЙ

Next Post

ОДИН ИЗ САМЫХ МОЛОДЫХ СПЕЦИАЛИСТОВ СРЕДИ ПОЖАРНЫХ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде