masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Өткен тәулікте 2756 адамға вакцина салынды

19 апреля, 2021
in MASA24.KZ, Денсаулық, Жаңалықтар
0
Өткен тәулікте 2756 адамға вакцина салынды
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 2756 АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте ковид инфекциясына қарсы 2756 адам вакцина салдырды. Бұл өте төмен көрсеткіш. Ковид-19 бойынша өткен штаб отырысында, қаламызда күніне кемі 10 000 адам вакциналаудан өтіп отыруы керек делінген-ді. Ал егу науқаны басталғалы барлығы 63097 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6795 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 18 сәуір күні 411 нысанға (403 кәсіпкерлік, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 69, белгілері жоқ — 45). 38 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 76 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, Атамекен клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын), төсек-орын толымдығы – 45%, 551 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 459 науқас емделуде (КВИ-284, пневмония-163, ЖРВИ-12).

Қала тұрғындарын бетперделік режимді сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина егу екенін айта кетейік.

Previous Post

Вакцина - дерттің жалғыз емі

Next Post

За прошедшие сутки вакцинировано 2756 человек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде