masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 1,6 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ

13 апреля, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 1,6 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 1,6 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 1,6 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 1,6 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 1,6 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков 2021 жылдың I тоқсанда атқарылған
жұмыстар бойынша есеп берді.
Басқарма басшысының мәліметінше, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 млрд теңгеге артып, 6,5 млрд теңгеге жетті: егін шаруашылығы – 1,1 млрд теңге, мал шаруашылығы – 5,2 млрд теңге.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 36,5 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,1 % немесе 1,1 млн АҚШ долларына артты. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2,9 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 2,6 %-ға көбейіп отыр.

2021 жылы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға жергілікті және жоғары тұрған бюджеттерден 3,5 млрд теңге субсидия бөлінді. Оның ішінде есепті кезеңге қаралған 253,3 млн теңге 100 % игерілді.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 2020 жылмен салыстырғанда 1,4 мың га артып, 29,3 мың га егіледі. Нәтижесінде, 71,7 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі мүйізді қара малдың саны 1,6 %, жылқы 0,5 %, құс 25,3 % артқан, ал қой мен ешкі саны 16,3%-ға төмендеген. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ұлғайған: ет (тірі салмақта) 2,8 мың тонна, сиыр сүті 8,8 мың тонна, жұмыртқа 40,7 млн дананы құрады.

Қала әкімі шаһарда ет, сүт, құс шаруашылығын және терең өндірісті дамытудың маңыздылығына тоқталды. -Терең өндірісті күшейткен жағдайда ғана қала экономикасы дамиды. Шымкент тоғыз жолдың торабында. Көршілес аймақтарда өсірілетін өнімдерді терең өңдеу – басты бағыт.

Шаһар басшысы кіші шаруашылықтарды көптеп ашуды қолға алу қажеттігін және «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты Президент тапсырмасына сай, әлеуметтік дүкендердің санын көбейту керектігін тапсырды. Бұл бағытта ірі маркеттерде «Шымкент өнімдері» деген арнайы бұрыштарды ашуды қолға алу қажет.

ФОТО: Береке СЕЙІТЖАППАР

Previous Post

ҚОШҚАР АТА АУМАҒЫНДА ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРДЫ АҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАРТУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде