masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ XXXII-ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАМА ИЕГЕРІ

7 апреля, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар, Спорт
0
ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ XXXII-ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАМА ИЕГЕРІ
ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ XXXII-ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАМА ИЕГЕРІ
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ XXXII-ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАМА ИЕГЕРІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшесі, шымкенттік боксшы Сафиуллин Закир спорттық биік деңгейде шыңдалу үшін 1997 жылдан бастап үздіксіз шынығуда.

Спорттың осы түріне деген аса қызығушылығы нәтижесінде ол 2015 жылы Алматы қаласындағы Орталық Азия университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқуға түсті. Аталмыш оқу орынын 2019 жылы үздік тәмамдады.

Закир Сафиуллин Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2018 жылы Швецияда өткен Халықаралық турнирдің жүлдегері. 2019 жылы Банконгта Ересектер арасында өткен Азия чемпионатының ІІІ орын иегері. 2019 жылы Екатеринбург қаласында өткен Әлем Чемпионатының қатысушысы болды. 2021 жылы Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында 63 килограмм салмақ дәрежесінде III орынды иеленді.

Закир 2021 жылы Токио қаласында өтетін XXXII-жазғы Олимпиада Ойындарына Шымкент қаласы бойынша жолдама алған төрт спортшының бірі. Және ол аталмыш Олимпиядада жүлдегер атанып, бірегейлігін дәлелдемек үшін талмай талаптануда.

Өзінің 35 жасында спорттық қанжығасын әбден толықтырған жемісті спортшының еңбегі — былғары қолғап шеберінің үлкен құлшынысы мен табандылығы арқасында орын алып жатқан кәсібилік көрінісі.

Previous Post

В Шымкентском гарнизоне готовят технику к лету

Next Post

ТҮРКІСТАН АВТОПАРКІ 10 ЖАҢА АВТОБУСПЕН ТОЛЫҚТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде