ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ АУЫР ҚАЗАҒА ҰШЫРАДЫ
Қазақ поэзиясы орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Белгілі ақын, тарихшы Әмзе Қалмырзаұлы мәңгілік мекеніне аттанды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мақтарал, Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы 68-жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден озды. Ақынның қаламынан төгілген отты жырлары оқырман жүрегін еріксіз баурап алатын. Өзі өлсе, де артында өшпес сөз қалдырған дарын иесі осыдан бір ай бұрын ғана біздің арнада қонақ болып, жаңа кітабынының тұсауын кесіп еді…
Әмзе Қалмырзаұлы 1953 жылы 1 қаңтарда Сарыағаш ауданында туған. Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітіріп, еңбек жолын Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» газетінде тілші болып бастады. Талай қабырғалы басылымдарда елдік мәселелерді көтеріп, бұқара бұйымтайын билікке жеткізді.
Захардин Қыстаубаев — Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Оның өлеңдерінен өзіне тән өр мінезі, өршіл рухы, адам жанына терең үңіліп, соны таңғаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты талант тегеуріні айқын сезіліп тұратын. Сондықтан да, ақиық ақынды, тамаша журналист және көрнекті қайраткер ретінде елі ерекше қадірледі.